Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда 12 жасқа дейінгі қыздарды зорлағандарға өлім жазасы тағайындалды

Үндістан Үкіметі 12 жасқа дейінгі қыздарды топтап зорлағандарға өлім жазасын қолдану туралы жарлыққа қол қойды. Жаңа жарлық – балаларды сексуалдық зорлық-зомбылықтан қорғау туралы заңның түзетілген нұсқасы болып табылады.

Үндістанда 12 жасқа дейінгі қыздарды зорлағандарға өлім жазасы тағайындалды

Бұл туралы  РИА Новости-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Енді 12 жасқа дейінгі қыздарды зорлағандар 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Бұл Үндістан Үкіметінің жасөспірімдерге зорлық-зомбылық көрсеткендер үшін қолданатын ең төменгі жазасы.

Егер топтық зорлау болатын болса, онда қылмысқа қатысушыларды өлім жазасы күтуде.

Сондай-ақ, түзетулер әйелдер мен жасөспірім қыздарға зорлық көрсеткендер үшін айыппұлдарды күшейтеді. Сонымен, әйелдерді зорлаған қылмыскерлер ең аз дегенде 10 жылға бас бостандығынан айырылады. Ал 16 жасқа дейінгі қыздарға зорлық-зомбылық көрсеткендер енді он жыл емес, 20 жыл немесе өмір бойы қамауда отыратын болады.

Жарлық биылғы жылдың қаңтарында Катуа үнді ауданында сегіз жастағы қызды ұрлап, артынша зорлап, өлтіріп кеткеннен кейін қабылданды. Бұл жағдайда 8 адам, оның ішінде қылмысты жылы жауып қоюға тырысқан полицейлер айыпталуда.

Тергеушілердің айтуынша, қылмыскерлер көшпелі мұсылман тайпасының сегіз жасар қызына күшті есірткілер беріп, ұрлап кеткен. Олар жәбірленушіні өлтірілмес бұрын, оны үнді храмдарының бірінде қамап отырған екен.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық Үндістанда өте өткір мәселелердің бірі болып тұр. 2012 жылы Нью-Делиде жантүршігерлік зорлықтан кейін студент қыз көз жұмған болатын. Сол сәттен бастап ел астанасында жаппай наразылықтар басталған. Осыдан кейін Үндістан билігі зорлық-зомбылықпен күресу шараларын қолға алған. Алайда жағдай әлі де қиын. Үндістандағы бұл мәселе әлеуметтік сипатқа ие, себебі төменгі таптан шыққан әйелдер жиі зорлық-зомбылықтың құрбаны болып жатады.

Оқи отырыңыз:

Солтүстік Корея ядролық сынақтардың тоқтатылып, полигонның жабылатынын мәлімдеді

Әйел өзімен жыныстық қатынасқа түскісі келген күйеуінің жыныс мүшесін кесіп тастады (фото)

Қызды зорлады деген күдікті: Кінәлі емеспін, себебі мен сүйкімдімін, ал ол семіз

Әлемге әйгілі музыкант 28 жасында дүниеден озды

Талқылау