Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Корея ядролық сынақтардың тоқтатылып, полигонның жабылатынын мәлімдеді

КХДР президенті Ким Чен Ын Солтүстік Кореяның ядролық сынақтардың және құрлық аралық баллистикалық зымыран атылуының тоқтатылатынын, сонымен қатар мемлекеттің солтүстігіндегі полигонның жабылатынын мәлімдеді.

Ким Чен Ын

Сурет: REUTERS

Бұл туралы ВВС басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ким Чен Ынның сөзінше, мемлекет ядролық қаруды жасап болғандықтан, ендігі мұндай сынақтарды жүргізудің қажеті жоқ.

«Корея жарты аралында бейбітшілік пен экономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатында ядролық сынақтар тоқтатылды», – деп келтіреді Ким Чен Ынның сөзін солтүстік кореялық мемлекеттік БАҚ-тар.

Оңтүстік кореялық Рёнхап агенттігінің мәліметінше, аталған шешім жұма күні Кореяның Еңбек партиясы басқаратын орталық комитет отырысында қабылданған. Шешім 21 сәуірден бастап өз күшіне енеді.

Сондай-ақ, қаулыда Солтүстік Корея қауіп төнбеген жағдайда ядролық қаруды қолданбауға уәде беріп, «қандай жағдай болмасын» ядролық технологияларды өзге мемлекеттерге бермеуге міндеттелді.

«Бұл Солтүстік Корея және бүкіл әлем үшін өте тамаша жаңалық, үлкен прогресс. Біздің саммитті асыға күтудемін», – дейді АҚШ президенті Дональд Трамп «Твиттер» желісіндегі парақшасында.

Айта кетсек, Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуі мамыр айының басына жоспарланған.

Оқи отырыңыз:

Әйел өзімен жыныстық қатынасқа түскісі келген күйеуінің жыныс мүшесін кесіп тастады (фото)

Қызды зорлады деген күдікті: Кінәлі емеспін, себебі мен сүйкімдімін, ал ол семіз

Әлемге әйгілі музыкант 28 жасында дүниеден озды

Францияда президентке ортаңғы саусағын көрсеткен зейнеткер жарты жылға қамалуы мүмкін

Талқылау