Үкімет Астанаға газ тартатын қаржы таппай отыр
Шенеуніктер Елордаға көгілдір отын жеткізу үшін жан-жақтан ақша іздеуде. Ал бүгінге дейін көмірмен күнелтіп келген тұрғындар газды асыға күтіп жүр, – деп хабарлайды КТК арнасы.
“Газ келсе жақсы болар еді, көмір тасып шаршадық. Жылдан жылға қымбаттай береді. Уақытылы жеткізбейді. Қазір жоқ еш жерде. Газ болғанда жақсы болар еді, экологияға да жақсы ғой”, – дейді Астана қаласының тұрғыны Өтеген Төлебаев.
Энергетика министрілгінің есебінше, Астанаға газ тарту үшін 200 миллиард теңге керек. Бұл тек құбырға жұмсалатын ақша. Ал Астана мен қала маңындағы елді-мекен, аудандарға толық көгілдір отын кіргізу үшін тағы қыруар қаржы қажет. Әзірге шенеуніктер Бейнеу-Бозой-Шымкент газқұбыры арқылы Қызылорда облысынан бас шаһарға газ жеткізуді жоспарлап отыр. Жобаны «Мемлекеттік сараптама» да мақұлдапты. Енді Үкімет шешім қабылдауы тиіс. Ал өзге аймақтарда газ болғанымен, тариф әртүрлі. Кейбір өңірде тұрғындар арзан, енді бір жерлерде қымбат төлейді. Энергетика министрлігінің баға саясатына қатысты өз айтары бар.
“Газдың 60 пайызын шетел валютасымен сатып аламыз. Сондықтан газ бағасы құбылмалы. Оның үстіне “ҚазТрансГаз Аймақ” тұрғындарға жұмсаған шығынын өтей алмай отыр. Тариф газдың көтерме бағасына да байланысты”, – дейді ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев.
Жіберіп алмаңыз:
Шымкентте полицейден таяқ жеген қыздың өзіне қылмыстық іс қозғалды
Атырауда оқушы қызды зорлап өлтірген педофил ұзақ мерзімге сотталды
Түркияда жол апатынан зардап шеккендерге әлі санавиация жіберілмеген болып шықты
ШҚО-да ешқашан мектепке бармаған екі бала Маугли секілді өмір сүріп жатыр