Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйіне шақырып тәттілер сатып алуға ақша берген": Алматы облысында діндар адам 9 жасар қызды азғындамақ болған

Алматы облысы Кеген ауданында көршілері діндар адам деп келген 43 жастағы азамат 9 жасар қызды азғындамақ болған. Ол бір топ балаларды үйне шақырып ұлдарға ақша беріп, дүкенге жіберіп қызбен оңаша қалуға тырысқан. Күдікті өз әрекетін "Шайтан азғырды" деген екі-ақ сөзбен түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Бұл оқиға жергілікті тұрғындардың жағасын ұстатты.

"Біз бұл туралы естігенде қатты қорқып кеттік. Өзімнің алты балам бар. Біз бір-бірімізді бұрыннан танимыз. Тіпті сене алмадық. Көрші ішпейтін, темекі шекпейтін, намаз оқитын адам еді. Отбасы да берекелі. Ал қыздың ата-анасы осы қорқынышты оқиғаның кейбір мәліметтерімен бөлісті. Әкесінің айтуынша күдікті тәттілер ұсынып, бір топ баланы өз үйіне кіргізген. Кейін, болжам бойынша өзі кішкентай қызбен жалғыз қалып, ұлдарды дүкенге жұмсаған”, -деді күдіктінің көршісі.

Жәбірленушінің әкесінің айтуынша көршісі қызымен оңаша қалу үшін барлық әдісті қолданған.

"Ол балаларды үйіне шақырып, су берген. Кейін ұлдарға барып ойнап келіңдер деп қызымды оңаша алып қалған. Дегенмен балалар күдіктеніп қайта оралғандарында оларға 120 теңге ақша беріп, дүкеннен тәттілер сатып алуды ұсынған.  Балалар қайтып келгенде орындықта жылап отырған қызымды көрген”, – деді жәбірленушінің әкесі.

Осы шуды естіген көршілер жәбірленушінің ата-анасы жүгіріп келіп, есеп айырғысы келген. Бірақ жағдайға қарап алдымен баланы дәрігерлерге көрсетуді ұйғарған.

“Түнгі он бірде қыз зорлады деген күдікпен жедел жәрдем бөліміне жеткізілді. Кейін гинеколог тексерісінен өтті. Мойыны көгеріп, интимдік аймағы қызарған. Бірақ зорлау белгісі жоқ”, – деді Кеген аудандық аурухана директоры Алмас Тілеулиев.

Алайда полиция жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, уақытша ұстау изоляторында. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде қылмыстық істі толық және объективті тергеу үшін сараптамалар тағайындалуда”, – деді Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайділдә.

Күдіктінің анасы ұлының мұндай әрекетке баратынына сенбейтінін айтады. Бірақ әңгімебарысында оның психикасындағы ауытқулар болуы мүмкін екенін айтты. 

"Денсаулығында ақау бар. Қарым-қатынас кезінде бұл байқалады. Жиі
себепсіз қызбаланады. Бұл психикалық бұзылыс сияқты, бірақ еш жерде тіркелмеген", – деді күдіктінің анасы. 

Одан бөлек, оның ажырасқаны, еш жерде жұмыс істемейтіні, анасымен тұратыны белгілі болды. Жәбірленуші, сол күні ол бәрін мойындап, өз әрекетін екі-ақ сөзбен "Шайтан азғырды" деген.

Талқылау