Қонаев қаласында жас геологтардың І Республикалық далалық олимпиадасы өтеді
2023 жылғы 9 шілдеде сағат 11.30-да Қонаев қаласында Жас геологтардың І Республикалық далалық олимпиадасының ресми ашылу рәсімі өтеді. Олимпиадаға 16 команда, 200-ден аса оқушы қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін далалық жағдайда көрсетеді.
Жас геологтар олимпиадасының негізгі мақсаттары - Жастарды кәсіптік бейімдеу, білім алушылардың геологиялық ғылымдарды зерттеуге қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету.
Жас геологтардың олимпиадасы Kazakhmys Barlau мен "Жас геолог" корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өтеді.
Өткізу орны: Алматы облысы, Қонаев қаласы, "Балдаурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы.
БАҚ үшін жиналу орны: Алматы қ., Республика алаңы, 13, Тәуелсіздік Монументінің жанында.
Автобус сағат 9:30-да жүреді.
БАҚ аккредиттеуді Kazakhmys Barlau Баспасөз-қызметі мына телефон бойынша жүргізеді: +7 777 676 60 66 – Әсел Қапалова, [email protected]
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн