Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйі өртеніп кеткен алматылық ер адам Beatles тобының әншісінен көмек сұрады (видео)

Алматы тұрғыны Тимофей Банников әлемге әйгілі The Beatles тобының әншісі Пол Маккартни мен оның жанкүйерлерінен көмек сұрады. Оның сөзінше, таяуда үйі өртеніп кеткен екен, деп жазады Stan.kz.

Үйі өртеніп кеткен алматылық ер адам Beatles тобының әншісінен көмек сұрады

Өз сөзінде ер адам үйінің өртеніп кеткенін айтып, оны қалпына келтіруге шамасы жетпей отырғанын жеткізді.

«Мен бала күнімен Beatles тобының жанкүйері болып келемін. Олар әнін шырқап, аспапта орындаймын. Бұл әндері маған өмір сүруді үйретті. Әндердің көмегімен ағылшын тілін үйрендім.

Менің отбасым сүйікті үйімізден айырылды. Үмітіміз мен арманымыздың күл-талқаны шықты. Өтінемін, Қазақстандағы үйімізді қалпына келтіруге көмектесіңізші. Қаншалықты көп берсең, соншалықты көп дүниеге ие болатыныңа үнемі сенетінмін. Пол Маккартни мырза, бізге көмектесіңізші», – деп жазды Тимофей Банников Facebook желісінде.

Белгілі болғандай, алматылық тұрғын таяуда Алатау ықшам ауданында өртке оранған 3 қабатты үйде тұрады екен.

Еске сала кетсек, 15 қарашада аталған көп қабатты үйдің шатыры мен жоғары қабаты өртенген еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау