Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда төрт аяғы бар бала өмірге келді

Үндістанның Беллари қаласында төрт аяғы бар бала дүниеге келді.

2017012316270889861_xw_1361181

Фото: indiatimes.com

Бұл туралы Times Of India хабарлайды.

Жаңа туған сәбилерін “тәңірдің сыйлығы” деп атаған ата-анасы, балаларын қанша талап етілсе соншалықты бағып-қағуға дайын екендіктерін айтыпты. Сәбидің дене мүшелерінің неліктен өзгеріске ұшырағаны белгісіз.

Баланың анасының қазір үш жастағы дені сау ұлы бар. 23 жастағы ананың айтуынша, ол бастапқыда баланы үйіне алып кетпекші болған. Алайда дәрігерлер қосымша тексеру үшін баланы жергілікті ауруханалардың біріне беруге көндірген.

Әйел отбасының кедей тұрмыс кешетіндігінен емдеуге ақшалары жоқ екенін айтыпты. Қазір дәрігерлер төрт аяқпен туған баланы тексеріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық жігіт АҚШ президентін ұлықтау рәсіміне қатысты

Францияда мұсылман оқушыларды шошқа етін жеуге мәжбүрлеуде

40 сағат қар астында: Қонақ үйдегі көшкін астында қалған 6 адам табылды

Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде пакет қаптап жүр

Талқылау