Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

40 сағат қар астында: Қонақ үйдегі көшкін астында қалған 6 адам табылды

Құтқарушылар Италиядағы көшкін астында қалған қонақүйде 6 адамды тапты. Қазіргі уақытта оларды қар құрсауынан шығарып жатыр.

754849097068942

Фариндола қаласындағы Rigopiano қонақ үйі қар астында қалды. Мұнда құтқарушылар жұмыс істеуде. Аталған орынға арнайы құтқару құралдары бар тікұшақтар жеткізілді.

Құтқару қызметінің өкілі Вальтер Милан тау басындағы жағдайдың қиын екенін, қар астында қалған адамдар үңгір жасап сонда болса, олардың 2-3 күн шыдай алуы мүмкін екенін жеткізді.

754849097066667

Көшкін 18 қаңтар күні болды. Соның салдарынан 30 адам із-түссіз жоғалды. 3 адамның мәйіті табылды.

754849094920465

Апат салдарынан қонақүйдің жартысы құлап қалған. Жартысы кез келген уақытта құлауы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде пакет қаптап жүр

АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы “Ислам мемлекетіне” қатысы барын мойындады

Алматыда тіркеуге келіп көз жұмған азаматтың отбасына мемлекет тарапынан көмек көрсетілмеген

Қазақстандық азаматтарға интимдік қызмет көрсету ұсынылуда

Талқылау