АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы “Ислам мемлекетіне” қатысы барын мойындады
АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы Ахрор Саидахметов өзінің кінәсін мойындап, «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымына қолдау көрсеткенін айтты.
21 жастағы Сайдахметов Нью-Йоркте тұрған. Оны 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін. АҚШ прокуроры Роберт Кейперс айыпталушының Сирияға барып, «Ислам мемлекеті» құрамымен АҚШ жерінде теракт жасамақ болғанын айтады. Мәліметке сүйенсек, Сайдахметов пен сыбайласы Өзбекстан азаматы Абдурасул Журабоев Сирияға баруды жоспарлаған. Жоспары орындалмаған жағдайды автомат сатып алып, полицейлерді атпақ болады. 2015 жылы Сайдахмеовты Нью-Йорктегі Кеннеди атындағы әуежайдан Түркияға ұшпақ болған жерінен ұсталды. Журабоев та сол күні Түркияға ұшпақ болған жерінен құрықталған. Іс бойынша Өзбекстанның тағы бір азаматы Аброр Хабибов лаңкестерге ақша жинап бермек болды деп айыпталуда. Жіберіп алмаңыз: Қытай халқы санының нақты қанша адамға жеткені жарияланды Голливуд жұлдыздары Нью-Йоркте Трампқа қарсы митингке шықты (фото) Анасы ұлының қызтеке екенін білген сон оны пышақтап өлтірген
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"