Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жерорта теңізінде резеңке қайыққа отырған 30-дан астам босқынды акула жеп қойды

Жерорта теңізінен жүзіп өтпекші болған босқындарға акула шабуылдаған. Босқындардың 30- дан астамы теңіз жыртқышына жем болса, 40-тан астамы із-түзсіз жоғалған.

Италия жағалауларын бетке алып, Сомали, Нигерия, Гана және Эфиопиядан 200-ге жуық адам екі резеңке қайықпен сапарға шыққан.

Суда қайықтардың бірі зақымданып, суға бата бастайды. Сол кезде оларға тұтқиылдан акулалар шабуылдай жөнелген.

Оқиға орнына келген Ливия жағалау күзеті ондаған адамның денесін және олардың қасында ерсілі-қарсылы жүзіп жүрген акулаларды көреді. Құтқарушылар бес сағат бойы қайық апатқа ұшыраған аумақта іздестіру жұмыстарын жүргізді, алайда із-түзсіз жоғалған ондаған босқынды табудың мүмкіндігі болмады.

Құтқарылғандардың басым көпшілігі екінші қайықтың жолаушылары болды. Олар қазір  Ливия астанасы Триполиге жеткізілді.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстауда жол апатына түскен 10 жасар қыз екі аяғынан айырылды

Әйелі Instagram желісіндегі бір ғана сурет арқылы күйеуінің көзіне шөп салғанын білді

ОҚО-да сүйіктісін алып қашқан жігіт жол апатына түсті

Атырауда жол апатына түскендер төбелесіп кетті

Талқылау