Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жеңгетайлықпен” айналысқан Францияның атақты мадамы Клод қайтыс болды

Францияда әйелдердің жезөкшелікпен айналысатын бордель иесі Мадам Клод 92 жасында Ниццеде қайтыс болды. Париждің Елисей алаңында орналасқан бордельде 500 әйел интимді қызмет еткен.

1407515009698_wps_6_Madame_Claude_once_the_mo

Мадам Клодтың айтуынша, әлемнің танымал тұлғаларының өзі оның қоластындағы әйелдердің қызметіне жүгінген екен. Франция БАҚ өкілдерінің мәліметінше Джон Кеннеди, Ливия лидері Муаммар Каддафи, актер Марлон Брандо сынды лауазымды өкілдер Мадам Клодтың қызметіне жүгінген.

Ол қыздарының қызметіне кімдердің келгенін ашып айтпаса да, ол туралы талай рет репортаждар жасалып, ақпарат таралған болатын.

Президент Кеннедидің өзі Клодтан Джеккиге ұқсайтын қыз тауып беруін өтінген екен. Бірақ, одан да тартымды болсын деп қолқа салған.

«Адамдар екі нәрсе үшін өмір бойы ақша төлейді. Оның бірі – тамақ, екіншісі – секс. Бірақ менің асүйге жақындығым жоқ», – деген еді бір кездері мадам Клод.

Vanity Fair журналында жарияланған мақалада Париждегі бейбіт келісімдер жасау кезінде ОББ-ның өзі мадам Клод арқылы әйелдер жалдағаны айтылған.

Мадам Клод монастырьда дүниеге еліп, біраз уақытын концлагерде өткізгенін айтады. Алайда бұл екі жағдай да 2010 жылы мадам Клод жайлы түсірілген деректі фильмде екі жақты айтылады. Яғни, Клодтың бұл айтқандары шындыққа жанаспайды делінген.

1977 жылы мадам Клод жайлы фильмге түскен француз актрисасы Француа Фабиан Vanity Fair-ге берген сұхбатында оның Клодтыңеркектер мен әйелдерді өзіне қаратуға тырысатын «нашар әйел» болғанын айтқан.ф

Сондай-ақ, ол 1990 жылдардың басында жеңгетайлықпен айналысты деп айыпталып, сотқа дейін алты ай түрмеге қамалуы туралы шешім шығарған еді.

Кейінірек ол Ниццедегі шағын пәтеріне көшіп кетті. Франция БАҚ өкілдерінің мәліметінше ол жергілікті ауруханалардың бірінде көз жұмды.

Талқылау