Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде «28 панфиловшылар» фильмінің трейлері пайда болды (видео)

Генерал И.В.Панфиловтың қол астында болған 316-шы атқыштар дивизиясының көрсеткен ерліктеріне арналған «28 панфиловшылар» әскери драмасы 2016 жылдың 24 қарашасында жарық көреді.

20160831002522

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қаһарман панфиловшылардың Дубосеково разъезінде көрсеткен ерліктеріне биыл 75 жыл толады.

“Біздің жоба таяуда дайын болады және біз көптен күткен таныстырылымының уақытын жариялайтынымызға өте қуаныштымыз. Кинокартинаның дәл осы жылы шығатынын және осы әйгілі ерліктің құрметіне арналған нағыз халықтық ескерткіш болатынын айта кету керек”, – деді “28 панфиловшылар” фильмі мен CEOGaijin Entertainment продюсері Антон Юдинцев.

Айта кетейік, кинокартинаны жарыққа шығару идеясы 2009 жылы айтылды. Сол кездің өзінде-ақ бұл «халықтық жоба» атанып, краунфандинг әдісі бойынша оның шығарылуына 34 миллион рубль жиналған болатын. Бұл орайда Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі және Ресейдің мәдениет министрліктері де қомақты қаражат бөлді. Ким Дружинин мен Андрей Шальопа режиссерлік еткен фильмнің жалпы бюджеті 150 миллион рубльді құрап отыр.

Жіберіп алмаңыз: 

Елбасы «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің премьерасын тамашалады

Президент туралы фильмнің трейлері шықты (видео)

Ақан Сатаевтың “Анаға апарар жол” фильмінің трейлері жарық көрді (видео)

Талқылау