Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира Байырбекова: Бибігүл апайдың Қайратты жерге теңегені көңіліме қатты тиді

Жазира Байырбекова бұлбұл әнші Бибігүл Төлегеноваға деген құрметінің шексіз екенін айтты. Алайда соған қарамастан, Байырбекова Қайрат Нұртасты жерге теңеген Төлегеноваға ренжіп қалған.

жазира мен кайрат 090617

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бибігүл Төлегенова Қайрат пен Димашты салыстырып, бірін көкке, ал екіншісін жерге теңегеннен кейін отандық жұлдыздардың басым бөлігі Қайрат Нұртасқа қолдау көрсетті. Олардың арасында Жазира Байырбекова да бар.

Ол қос әншіні салыстыруға болмайтынын, өнерде әрқайсынының өз жолы бар екенін айтқан еді. Баз біреулер бұлбұл әншіге ренжіп қалған Байырбекованы сынаған ұқсайды. Оны әншінің мына жазбасынан байқап қалдық.

«Ойымда не бар бәрін айтып қоя берем. Менің ең үлкен кемшілігім де осы шығар. Бір нәрсені жасырып қалу, маған қатысы жоқ нәрселерге араласпауды үйрене алмай-ақ қойдым. Әділетсіздікке, біреудің біреуді орынсыз даттауына бей жәй қарай алматыным-ай…

Өзіне пайдасы жоқ дүниелерге араласпайтын адамдарға қызығамын. Олар бар күшін өз жұмысына, өз шығармашылығына жұмсайды… Өмірден әлі үйренерім көп.
Бибігүл апайымызды өте құрметтеймін. Ол кісідей осынша жасқа дейін өнерде өзін жоғалтпай жүру үлкен ерлік! Тек еңбектеніп жүрген қазақтың баласын жерге теңегені менің де көңіліме қатты тиді!» – деп бөлісті Жазира Байырбекова.

Еске сала кетейік, Бибігүл Төлегенова Қайрат пен Димашты салыстыруға келмейтінін айтып, Қайратты – жерге, ал Димашты көкке теңеген еді. Ал Stan.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Гүлзира Айдарбекова бұлбұл әншінің сынына жауап берді. Бұл ретте әнші Жазира Байырбекова да үнсіз қалмады.

Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмаханның жаңа бейнебаяны желіні “жарды” (видео)

Танымал қазақ әншісі Түркия көшесімен жартылай жалаңаш күйде жүріп өтті (видео)

Әлішер Кәрімов Димаш секілді байқауға қатыспауының себебін ашып айтты

Нұртас Адамбай: Нұрсұлтан Назарбаев жаныма өзі келіп, фильмдерімді ұнатқанын айтты

Талқылау