Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай: Нұрсұлтан Назарбаев жаныма өзі келіп, фильмдерімді ұнатқанын айтты

Нұртастың балалық шағы қиын-қыстау 90-жылдарда өтті. Ол заманда жарықтың, газ бен судың тапшылығы, азық-түліктің жоқтығы, ақшаның аздығы елді тоздырды. Қарапайым отбасында тәрбиеленген Адамбай болашағынан не күтерін білмеді. Ертеңгі күніне сенімсіздікпен қарады. Алайда тараздық жігіттің іштей болса да жетістікке жету ойында болды.

назарбаев адамбай 090617

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Болашағы туралы жиі ойланған бала Нұртас оқушы кезінен президентті бір көруді армандапты. Ол кезде Нұртас өзінің кинорежиссер болатынын, ал ол түсірген фильмдерді елбасының жоғары бағалайтынын білмеген еді.

Иә, сіз жаңылысқан жоқсыз! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа жылдық кештердің бірінде Нұртас Адамбайды көріп қалып, жанына келген. Оны көрген режиссер сенер-сенбесін білмеген. Ал елбасы оның фильмдерін ұнатқанын айтқан кезде тіптен абдырап қалған.

Бұл кездесуі жайында Нұртас Адамбай Facebook-тегі парақшасында айтып берді.

«9 не 10 сыныпта оқып жүрген кезімде (ол кезде Таразда тұратын едім) бір танысым Таразға келген елбасыны жақыннан көргенін айтты. Ол мемлекет басшысын қарсы алған студенттердің алдыңғы қатарында тұрыпты.

Ол елбасыны көргенін қуана әрі мақтана жеткізді. Шынымды айтсам, сол сәтте оған қызғанышпен қарадым. Мұндай іс-шараларға оқушыларды шақырмайтынына ренжідім. Менің де еліміздегі бірінші адамды жақыннан көргім келді.

Осы оқиғадан кейін аулада достарыммен бірге отырып, жарқын болашақ туралы ойлап, өзім оған сенбесем де, күндердің күнінде президентті көру туралы ойландым. Сәті түссе, тілдессем деп те армандадым», – деп бастады әңгімесін танымал кинорежиссер.

Бұдан кейін Нұртас қиын-қыстау кезеңде өткен балалық, жастық шағы туралы әңгімеледі. Студент кезінен КВН ойнаған ол сол шақта өз болашағына күмәнмен қарағанын да жасырмады. Адамбай “қазір КВН ойнағаныммен, кейін не істеймін?” деп жиі бас қатырған көрінеді. Дегенмен, бүгінде ол елге танымал режиссерге айналды. Оның фильмдерінің бағасын халық беріп те жүр.

Алайда Адамбай таспалаған фильмдердің елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың оңды бағасына ие болғанын екінің бірі біле бермейді.

“Нұрсұлтан Әбішұлын өмірімде бірнеше рет қана көрдім. Әр көрген сайын ел айтып жүргендей, оның бойындағы энергетиканы сезіндім.

Алайда ол кісімен тек бір рет тілдесе алдым. Бір қызығы, бұл алдын ала жоспарланбаған кездесу болды.

Оның қалай болғанын егжей-тегжейлі айтпаймын, себебі онша маңызды емес.

Менің таңғалдырғаны, мемлекет басшысының өзі біз отырған үстел басына келді. Жеке маған сөйлегенде тіптен абдырап қалдым. Біздің фильмдерді көргенін және ұнатқанын айтқан кезде төбем көкке жетті. Ол кино түсіруді жалғастыруымды тіледі.

Ол кеште мен тек президентті емес, ән айтып, қалжыңдай алатын, отырған жандардың барлығын жаңа жылмен құттықтай алатын жанды көрдім!

Әрине, сіздер елбасының күн сайын әртүрлі адамдармен кездесіп, тілдесетенін айтуларыңыз мүмкін. Алайда мен үшін бұл сонау Таразда өскен бозбаланың президентпен кездесуі болды.

Менің сол бала күнгі арманым, ақыры орындалды. Мен үшін ең маңыздысы – онымен тілдескенім емес, президенттің менің еңбегімді, туған елім үшін жасап жатқан ісімді жоғары бағалағаны болды.

Шынын айтқанда, біздің елде еңбек етіп, табысқа жетуге болады. Қиындықтар кездеседі, әрине, алайда біз саналы адамбыз. Қиындықтарды жеңіп, оларды мүлдем жою үшін де саналы болып туғанбыз. Ал келесі ұрпақ тіптен өзге биіктерді бағындыруы керек.

Сіздерден өтінерім, менің сөздерімнен «жағымпаздықты» іздеудің қажеті жоқ! Мен бар болғаны басымнан өткен оқиғаны баяндап бердім. Елімізде тыныштық болсын!” – деп түйіндеді сөзін Адамбай.

Жіберіп алмаңыз:

Әлішер Кәрімов Димаш секілді байқауға қатыспауының себебін ашып айтты

Танымал қазақ әншісі Түркия көшесімен жартылай жалаңаш күйде жүріп өтті (видео)

Жазушы телевизиядағы сауатсыз қазақ журналистерді сынай отырып басшыларына назын айтты

«Балапан» арнасынан кеткен Ләйлә Сұлтанқызы енді балалар лагерін ашпақ

Талқылау