Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жануардің еті мен сүтін мүлде жемейтін отбасы сәбиін өлімші күйге түсірген

Аш қалған сәбиді дұрыс тамақтандырмаған ата-анасынан аман алып қалды. Американың Тайтусвилл қаласында тамақты талғап жейтін отбасы анықталды. Отбасында жаңа туған сәби өлместің күнін кешкен.

20 жастағы Джулия Френч мен 31 жастағы Роберт Баски сәбиге дәрігерлер айтқан сүтті беруден бар тартып, оның орнына картоп берген. Құрамында сүті жоқ, жануардың өнімі жоқ тағамдар берген.

5 айлық баланың салмағы 3,85 келі болды. Ол туған күнінен 450 грамға ғана артық. Көзі бадырайып, қабырғасы көрініп тұрды. Ал, дене температурасы мен қант мөлшері сұйықтық аз болғандықтан көтеріліп кеткен.

“Мен осындай күйге түскен бала көрген емеспін. Жақындарының баланы осындай өлімге дейін апарғаны таңғаларлық”, – деді полиция қызметкері Лорен Уотсон

Ата-анасы бұл әрекетін түсіндіре алмады. Оларды баласының денсаулығығына зиян келтіргені үшін, дене жарақаттарын салғаны үшін жауапқа тартады. Бала қазір ауруханада. Ол аштық кезінде ұзақ уақыт бойы қиналған.
Талқылау