Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңазеландиялықтар мемлекеттік тудың жаңа түрін таңдады

Өткен жылдың қазан айында премьер-министр Джон Кей мемлекет туының қазіргі Жаңа Зеландия жайлы толық мағлұмат бермейтінін, оның үстіне австралиялық туға ұқсайтынын алға тартқан болатын. Соған орай референдумда тудың жаңа түрі таңдалды.

55e54eb074fd9

Жаңа Зеландияда мемлекеттің жаңа туын таңдау жөніндегі бірінші референдумның қорытындысы мәлім болды.

Тудың Silver Fern атты түрі – 1,5 миллионнан астам дауыс жинады. Референдумге 48,4 пайыз дауйы берушілер қатысты.

Туда ақ түсті бейне қара, көк түстерге бөлінген. Оң жағында 4 қызы жұлдыз бейнеленген. “Мен дайыс беру нәтижесін үйге барған соң білдім. Маған телефон арқылы айтқанда, қуаныштан сөйлей алмай қалдым”, – дейді дизайнер Кайл Локвуд.

2016 жылдың 3 мен 24 наурыз арлығынада өтетін екінші референдумда Silver Fern туын бұрынғы тумен алмастыру мәселесі қаралады.

Жаңа Зеландияда алғашқы референдум 20 қарашада басталып, бір айға созылған. Меемлекет басшылары 10 мың дизайн жобасын алған. Олардың ішінде, мәселен, «Лазерный киви» скеілді сатиралық мәндегі нұсқалар да болған. Соған қарамастан олар жоғары дауыс жинаған еді.

Өткен жылдың қазан айында премьер-министр Джон Кей мемлекет туының қазіргі Жаңа Зеландия жайлы толық мағлұмат бермейтінін, оның үстіне австралиялық туға ұқсайтыныналға тартқан болатын. Екі мемлекет туының сол жақ жоғары бөлігінде ұлттар достастығын білдіретін британық “Джек Юнионы” белгіленген. Айырмашылығы тек жұлдыздар саны мен түсінде. Жаңазеландиялық туда төрт қара жұлдыз болса, австралиялық туда алты ақ жұлдыз бар.

Талқылау