Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айгүл Иманбаева өзімен қатарлас әншілердің “жалқау” екенін мәлімдеді

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева жалқау әншілердің қатарына өзін де жатқызады. Халық шоу-бизнес өкілдері қатарында кімнің еңбекқор, кімнің мүлдем жұмыс жасамай жатқанын бес саусағындай біледі, дейді. Бұл жайында Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Айгул Иманбаева

Көпшілік Айгүлдің соңғы шыққан «Сеньорита» әнін қатты сынның астына алған болатын.

«Сенесіз бе, мен бақандай бес жылдан кейін ғана жаңа бейнебаян түсірдім. Бұл дегенің барып тұрған – жалқаулық. Өзіңді-өзің қолға алмай кету. Оны мойындаған да тұрған еш нәрсе жоқ. Мен мойындаймын. Көп уақыттан бері жұмыс жасамай кеткенмін. Өйткені, уақытым болмай кетті. Мен жұмыс жасаған келмегендіктен емес, менің бір басымда бірнеше шаруа бар. Бәріне бірдей үлгере алмаймын. Маған тәулігіне 24 сағаттың өзі жетпейді», – дейді Айгүл Иманбаева.

Айгүл еріншек әншілердің қатарына Саят Медеуов, Тахмина Әшімбекова, Ақбота Керімбекова, Мәдина Садуақасова, Жұбаныш Жексенұлы сынды өнер иелерін жатқызады. Айтуынша, олар осыдан бірнеше жыл бұрын көпшілікке ұсынған туындыларын әлі де қанағат тұтып отырғандар қатарында.Жаңа дүние ұсынуға қорқады. Бұған жас мөлшерінің ұлғайғандығы себеп болуы мүмкін.

«Біздің буын бір орында тұрып қалған, сол бір баяғыда жасап елге ұсынған дүниесіне қанағат тұтып қалған сияқты. Болмаса, басқа жаққа қарай бағыт бұрып кеткен. Өзім түсінбей қаламын. Ол әлде жастың ұлғайғандығы ма екен? Әлде еріншектік пе екен? Оның сырын өзім де әлі білмеймін. Бірақ, халық төреші. Бәрін көріп отырады. Кім жұмыс жасап жатыр. Кім де маңдай тер. Бәрі айна», – дейді актриса.

Әнші Айгүл соңғы уақытта сахнаны жаулап алған жас әншілерге пысық әрі «креативті» деп баға берді.

«Бізден кейінгі леп – өте пысық. Қазір жұмыс жасап жатқан жастарға тек қуанамын. Қыздар-жігіттер пысық. Олардың арасында: Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі,Нұрболат Абдуллин, Әбдіжаппар Әлқожа бар. Олар шоу-бизнеске жаңа бір леп әкелуге тырысады. Ізденеді. Талпынады. Мен соларға қатты қызығамын », – дейді Айгүл Иманбаева.

Сахнада бәсеке болу керек. Сонда ғана шоу-бизнес дамиды, өркендейді. Бірақ, жеке өмірге қол сұқпау керек. Әр нәрсенің өз өлшеуі бар.

«Кәсіби бәсекелестік болуы керек. Өкінішке орай, біздің әншілер «бәсеке» дегенді көп түсінбей жатады. Біз бәріміз бір-бірімізге бәсекеміз.Сонда ғана өнерде өсу процесі болады. Бірақ ол сенің адами тұрғыңа өтіп кетпеу керек. Өнерде бәрін жақсы көремін. Бәрін сыйлаймын. Қуанышына ортақтасамын. Бірақ, сахнада бәрі бәсекелеспіз»,-дейді әнші Айгүл.

Айгүл қатарластарына көп жұмыс істеп, еңбектенуге кеңес береді.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау