Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалақысы жоғары қызықты мамандықтар

Барлық мамандықтар маңызды болғандықтан қажеттіліктен туады. Солардың ішінде адамға ерсі көрінетін мамандық түрлері де бар. Сіз мұндай мамандық атауларын университеттің мамандық тізімінен көрмеген боларсыз. Алайда, ондай мамандық түрлері қоғамға ауадай қажет.

4

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

Егер сіз мамандығыңызды түбегейлі өзгерткіңіз келіп, экзотикалық ортада жұмыс істегіңіз келсе, осы тізімге көз жүгіртіңіз.

2

Ойын инспекторы

Казинолар ойыншының ұтып кетпеуі үшін, қолдан келгеннің бәрін жасап қалады. Тіпті, Лас-Вегаста да ереже бойынша жұмыс істейді. Ойын тастары қыры, салмағы, саны жағынан түгел және түзу болуы керек. Осы аталғандарды арнайы кәсіби инспекторлар тексереді.

3

Балапанның жынысын анықтаушы

Бұл мамандық оңай жұмыс емес секілді. Маманның анықтауынан кейін балапанның қайда бөлінетіні анық болады.

4

Қолтық иісін иіскеп тест алушы

Бұл мамандықтың жұмысы атауынан да қызықты. Мамандандың өздері дезодарантты себуге міндетті емес. Олар дезодарантты пайдаланған адамдардың қолтығын иіскеу арқылы оның әсерін анықтайды. Бұл жұмыстың барлығына арналмағаны айтпаса да түсінікті.

5

Гольф добын суда жүзіп алып беруші

Нағыз джентельмендерге арналған гольф алаңы өзен, көлдердің жағасына салынады. Бұл ойынды тәжірибесіз адамдар да ойнауға құмар. Олардың добы белгіленген межеге емес, өзен-суларға қарай кетіп жатады. Сол доптардың алып беруші мамандар жылына 100 мың доллларға жуық табыс табады. Екі гольфсүңгуірінің жұмыс кезінде суға батып, қайтыс болғаны тіркелген екен. Сондықтан бұл мамандықты бәрі бірдей атқара алмайды.

6

Жыланның уын алушы

Жыланның көптеген түрі улы болатынын білесіздер. Осы тұрғыда жыланның уын алуға сарысу пайдаланылады. Жыланның аузын ашып тұрып, уын алу тек кәсіби маманның ғана қолынан келеді.

7

Печеньелерге арналған анықтамалар жазушы

Елдер печенье жеп отырып, оқып отыратын романтикалық анықтамалар мен үзінділерді арнайы мамандар жазады.

8

Құрт жинаушы

Балық аулауды жаны сүйетін, бірақ, өздері жерен құрт қазуға ерінетіндер үшін арнайы құрт жинаушылар да табылады.

9

Иттердің тағамының дәмін татып көруші

Иттердің тағамның дәмді-дәсміз екенін айта алмайтынын білесіздер. Ал, осы мамандар иттерге арналған тағамдардың дәмін татып көреді.

10

Сия қаламының «дәрігері»

Ағылшын тілінде бұл мамандық дәл осылай аталады. Олар қаламсаптарды жөндеп, қалпына келтіреді. ХХІ ғасырда да мұндай көне қаламсаптарды қолданады.

11

Аквопаркте қыдырып жүріп тест алушы

Демала жүріп ақша табу бәрінің арманы емес пе?

12

Сағызды шайнап көруші

Бұл қызметкерлерге сағызды шайнап көргені үшін ақша төлейді. Бірақ, сағыз шайнаудың жаман әдет екенін де білерсіздер.

13

Фейсфилер

Бұл қызметкерлер өзгелердің бетін сипап көргені үшін ақша табады. Олар барлығының емес, әрине, тек крем жағып көрушілердің бет терісін ұстап көреді. Сол арқылы терінің қаншалықты жұмсарғанын тексереді.

14

Манекен адамдар

Көптеген дүкендер манекен болып тұру үшін модельдерді жалдайды. Олар әрі түрлі қалыпта тұрып киім жарнамалайды.

15

Жоғалған үй хайуанаттарды іздеуші

Джим Керридің рөліндегі Эйс Вентураның кинодағы образы ойдан шығарылғанымен, мұндай мамандықтар да өмірде кездеседі. Көптеген адамдар жоғалған үй хайуанаттарын тауып беру үшін қомақты қаржы төлейді. Тіпті, кейбіреулер, төртаяқтыларды қалай іздеу керектігі жайлы жеке тәжірибелік орталықтар да ашқан.

16

Динозаврларды тазалаушы

Фрэнк Брейстед Вашингтонның мұражайында 30 жылдан бері аптасына бес рет динозавр қаңқасын арнайы құралмен тазалап келген.

Талқылау