Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Зекет” қоры мұқтаж отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етті

Корпоративтік “Зекет” қоры” қорының Астана қаласы өкілдігі “Тайқазан” жобасы аясында 50 мұқтаж отбасыға азық-түлік қапшықтарын үлестірді.

Бұл туралы ummet.kz хабарлады.

Ай сайын бұл жоба әлеуметтік жағдайы төмен адамдарды азық-түлікпен қамтиды. Атап айтқанда, қордан көмек сұраған көпбалалы, жесір аналар, асыраушысы жоқ қарт кісілер, мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрақты түрде қамқорлық көрсетіледі.

Бұл жолы «Тайқазан» жобасы әр отбасыға 10 кг ұн, 5 кг макарон, 5 литр сұйық май, 2 кг қант, 5 кг картоп, 5 кг сәбіз, 5 кг пияз, 5 кг күріш және қарбыздан тарту етті.

Корпоративтік “Зекет” қоры” қорының қалалық филиалы жанашыр азаматтарды жақсылықта жарысып, ай сайын ұйымдастырылатын ізгі шараға атсалысуға шақырады.

Жіберіп алмаңыз:

Депутат алыстағы мектепке оқушылардың жалаңаяқ жетіп жүргеніне алаңдаулы

Қазақстан азаматы 9 келі есірткімен ұсталды

Атыраулық көпбалалы ана 31 жылдан бері құжатсыз жүр

Талдықорғанда 10 жезөкше ұсталды

Талқылау