Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эрик Тастамбеков: Баян Есентаева Францияда емделіп жатыр

Тележүргізуші әрі продюсер Баян Есентаева дәл қазір Францияда емделіп жатыр.

image

Фото: instagram.com/erik_tastembekov/?hl=ru

Бұл туралы Today.kz басылымы хабарлайды.

Бастапқыда Эрик Тастамбеков әріптесіне қатысты сұрақтарға жауап бергісі келмеген екен. Шоу бизнеске қашан оралатынын “жуырда” деп қысқа қайырған.

“Меніңше, ол денсаулығын қалпына келтіру үшін Францияға кетті.  Оның биыл шығарған “Алау”, “Жарқынай” сынды жаңа жобалары бар”, – дейді Эрик Тастамбеков.

Ал ресейлік клипмейкер Алексей Голубев бұл жаңалықтан бейхабар болып шықты. Естіген кезде қатты таң қалған.

“Мен не болғанын және қалай болғанын білмеймін. Мұндай дүниелер болмауы да керек қой. Баянмен жақсы аралассам да, жолдасын ешуақытта көрген емеспін. Оның жолдасы барын білетінмін және Баян оны қатты сыйлайтын. Мен оған алғашқы музыкалық видеосын жасауға көмектесіп, оны телевидениеге шығартқан болатынмын. Бірақ бұл бұрынырақ болған.  Ол өте танымал болса да, жұрт алдында бірде бір рет жағымсыз қылық көрсетпеген”, – дейді Голубев.

Клипмейкер Есентаеваға артық сұрақ қоймастан, қажет болса көмектескісі келетінін айтты.

“Мен оны түрлі сұрақ қойып мазаламаймын, бұл тек оның жанын жаралауы мүмкін. Жақсылап жазылған соң жүздесіп, өзі қаласа барлығын айтып береді деген ойдамын. Бірақ мен ол үшін қатты алаңдап тұрмын”, – дейді клипмейкер.

Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған-ды. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева жұмысқа шығуға дайындалып жатыр

Нумеролог Баян Есентаеваның күйеуімен қашан ажырасатынын айтты

Дәрігер: Баян Есентаеваның мұрнына пластикалық ота жасау қажет

Сұлулық инелері: Баян Есентаева қалай жасаратынын көрсетті (видео)

Талқылау