Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Владимир Школьник елбасының кеңесшісі қызметіне тағайындалды

Қазақстанның бұрынғы Энергетика министрі Владимир Школьник  Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды.

8908755

Сурет: Орталық коммуникация қызметі

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Бұл туралы бүгін Астанада халықаралық «Еуразия» жобасы бойынша өтіп жатқан дөңгелек үстел барысында мәлім болды.

Аталған жиын Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өтіп жатыр. Отырысқа «ҚазЭнерджи» қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин, президент кеңесшісі Владимир Школьник, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев қатысуда.

Дөңгелек үстел барысында мұнай өндіретін компаниялардың өкілдеріне геологиялық зерттеулердің нәтижелері таныстырылды.

Талқылау