Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ван Гогтың кесілген құлағы жайлы шындық 130 жылдан кейін жария болды

Тарихшылар арасында бірнеше жыл бойы суретші Винсент Ван Гогтың құлағы туралы дау туындап келген еді. Енді сол сауалдың да жауабы табылғандай.

photo_27767

Сурет: gazeta.ru

Нақты дерекке сүйенсек құлақ бордель қызметкеріне берілген екен. Тарихшылар бұған дейін құлақ оның кездейсоқ танысында немесе жезөкшеде, мүмкін бордель қызметкерінде шығар деп болжам жасап келген еді. Алайда Бернадетт Мерфи есімді тарихшы өз қолында нақты ақпарат бар екенін, суретшінің құлағына сыйға алған қыздың атын да білетіндігін айтыпты.

Ал қыздың есімі Париждегі Пастер институтының жазбаларында сақталып қалыпты. 1888 жылы ол қызды ит қауып емделіп, ол Арль қаласында вакцина қабылдам аман қалады.

Қыздың емі үшін отбасы шығынданған соң, ол бордельге жұмысқа тұрған. Ол тым жас болғаны себепті жезөкше ретінде тіркелмей, құл болып жұмыс істейді. Психологиялық ауытқулармен ауырған Ван Гог сол кезде кесілген құлағын Габриэль Берлатьеге бергені атап көрсетілген. Берлатье кейінірек тұрмысқа шыққан, ұзақ өмір сүрген, бірақ та Ван Гогпен кездесті деген ақпарат болмаған.

Талқылау