Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұяластарын құтқармақ болған пілдер жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Пілдер – өте ақылды әрі адамдардың арасында еркін өмір сүре алатын жануарлар түрі. Олар бір-бірін кез келген жағдайда қорғай біледі. Бұл сөзіміздің дәлелі ретінде Қытайдың Юньнань аймағында болған оқиғаны келтірейік.

161107-ngnow-china-asian-elephants-rescue-vin_640x360_803688515679

Бұл туралы Nationalgeographic басылымы хабарлайды.

Үш піл айналасы бетонмен қоршалған су қоймасына түсіп кетеді. Артынша сол жерде екі күн қалуларына тура келеді. Осы уақыт ішінде оларға өзге пілдер көмекке келіп, батып кетпеулері үшін жағдай жасайды.

Ересек пілдердің ұяластарына көмектесу үшін жасалған әрекеттері жұрттың жүрегін елжіретті. Себебі, олар күн, түн демей, үш пілдің суға батып кетпеуі үшін түрлі айла жасаған. Оқыс жағдай кезінде адамдар пілдерді бірден құтқара алмаған. Тіпті, оларды аспаннан тікұшақпен бақылаған. Десе де, бір амалын тауып, құтқарушылар пілдерді аман алып қалады. Кейін темір шарбақты бұзып, оларды бостандыққа жібереді.

Қытайлықтардың айтуынша, 300 азиялық піл әлі де Юньнань аймағында Лаос пен Мьянма шекарасында тіршілік етеді. Ал бұл жер қызыл кітапқа қорық ретінде тіркелген.

161028-elephant-rescue-zimbabwe-vin_640x360_798279235863

2014 жылы жүргізілген зерттеу нәтижесінде, пілдердің бір-біріне деген жанашырлық сезімі күшті екені анықталған. Мұндай қасиет маймылдар мен қарғаларда бар. Әдетте пілдер көмектесу үшін бір-бірінің аузын аймалайды екен. Азиялық пілдер өздерінің қатты қиналып тұрғандарын құйрықтарын тікірейту, жағымсыз дауыс шығару, кез келген жерде дәрет сындыру секілді қылықтарымен көрсетеді.

“Олар да адамдар мен шимпанзелер секілді оқыс жағдай болған кезде бір-бірін құшақтап, қамқорлық жасайды. Пілдер арасындағы байланыс сіз бен біз ойлағаннан да күшті”, – дейді Living Links университетінің директоры әрі зерттеуші Франс де Ваал.


Пілдер туралы қызықты деректер

Талқылау