Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мысық бесік арбада ұйықтап жатқан сәбиді тұншықтырып өлтірген

Харьков облысы полиция қызметкерлері мысық тұншықтырғаннан қайтыс болған 3 айлық сәби өлімінің мән-жайын анықтауда, – деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы ведомствоның Facebook желісіндегі парақшасында хабарланды.

«Үйдегі ересек адамдар қайтып оралғанда, бала жатқан бесік арбаға мысық шығып алып, сәбидің бетінде жатқанын көрген», – деп жазылады хабарламада.

Тергеу деректері бойынша, сәби тұншығып қайтыс болған.

Бұған дейін БАҚ-та ата-анасы арбада жатқан баланы қараусы қалдырғаны жазылған еді. Бұл уақытта мысық бесік арбаға шығып, сәбидің бетіне жатып алған.

Бала күтімі бойынша міндеттерді орындамау бабы бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бап бойынша ата-анасы 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Аустралияда пойыз астына түсе жаздаған әйел аман қалды (видео)

Анасы мазасын алған 4 жасар ұлына пышақ сұғып алды

Солтүстік Кореяда санкция салдарынан халықтың көңіл көтеруіне тыйым салынды

Ақыл тісті жұлу қажет пе?

Талқылау