Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украина қазақстандықтардың Қырымда демалуына қарсылық білдірді

Украина Ресейдің күшпен басып алған аймағына рұқсатсыз турист ретінде барған Қазақстан азаматтарына қомақты айыппұл салмақ. Тіпті қылмыстық жаза қолдануы мүмкін, – деп хабарлайды “КТК” арнасы.

00

Фото: rudaki.ru

Киевтің Қазақстандағы туристік агенттіктердің Қырымға жолдама сатуы кәдімгідей шамына тиіп отыр. Арнайы мәлімдеме жасаған Астанадағы Украина елшілігі аннексияланған аймақпен байланыс орнату халықаралық ережені өрескел бұзу деп санайды. Сондықтан, Ресей территориясы арқылы Қырымға баруға заңмен тыйым салып отыр.

Ережеге бағынбағандар Украинаны айтпағанда, Еуропалық Одақ елдеріне кіре алмай қалуы мүмкін. Бір қызығы, Киевтің  бастамасы жайлы еліміздің Сыртқы Істер министрлігі білмейтін болып шықты. Ал отандық туристік агенттіктер тиісті ресми құжат келмей, жолдама сатуды доғармайтындарын айтады. Дегенмен, Қырымға онсыз да сұраныс жоқ дейді турагенттіктер. Оның үстіне 2 жыл бұрын Ресей басып алған аймақ санкцияға ілініп, әлемнен оқшауланып қалған.


Оқи отырыңыз:

Жапония туристері барлық жерде саусақ іздерімен есептесетін болады

Иранға келген туристер хиджабқа қарсы наразылықтарын білдірді

Қазақстан әлемдегі мұсылман туристері үшін ең қолайлы ел тізімінде 16-орынды иеленді

Талқылау