Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұңғыш Президент қоры жеткіншектерге ерекше сый жасады

Астанада Тұңғыш Президент қоры 300-ден астам жетім балаға мерекелік көңіл-күй тарту етті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

рпав

Балаларды қорғау күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл мерекелік фестивальге Астана мен Ақмола облысындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер жиналған. Олар театр актерлерімен түрлі ойын ойнап, мультфильм кейіпкерлерімен би биледі.

Оған қоса ән тыңдап, түрлі өнерпаздардың өнерін тамашалады. Кейін естелікке суретке түсуді де ұмытқан жоқ. Сондай-ақ, таза ауада қолөнермен де айналысты. Қыздар кесте тігуді үйренсе, ұлдар тасбақаның мүсінін қолдан жасаудың әдіс-тәсілімен танысты.

“Балалар өте қуанып жүр. Бәріне бүгінгі мерекелік фестиваль ұнады. Бүгін бір көпке дейін есте қалатын ерекше күн болды. Балаларға арнап осындай шара ұйымдастырғандарға алғысым шексіз”, – деді балалар үйінің тәрбиешісі Светлана Мазалевская.

Талқылау