Тоқтамай сүйіскен алматылық ғашықтар әлемдегі ең қымбат шоколадқа ие болды

Дәмі де, бағасы да өзгеше ROSS Limited шоколады бір минут бойы тоқтамай сүйіскен ғашықтарға табысталды. Шара туралы Stan.kz тілшісі хабарлайды.

гашыктар

Суреттер: Stan.kz

Аталған шара бүгін ақпанның 13-і күні Республика алаңында өтті. Ал сыйлықтарды жеңімпаздарға бренд иесі Әділхан Сартаев табыстады. Ол жастарға арналған мұндай шараны ұйымдастыруының себебін: “Ғашықтар күні – ерекше мейрам. Ол қандай жағдай болмасын аталып өтілуі тиіс. Маған ақшадан гөрі сезім қымбат. Сүйген жандардың арасындағы романтикаға ешнәрсе жетпейді”, – деп өзінің жомарттығын көрсетті. Ал шараға қатысқан жастар бір-біріне деген сезімнің беріктігін дәлелдеп қана қоймай, ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырды.

4

5

6

14

Аталған шоколад Қазақстанда жасалған. Stella Nova топтамасының бір қорабының құны – $243. Жеңімпаздарға табысталған сыйлықтың жалпы құны – 3 миллион теңге.

3

3E0A5684

1

9

8

Ғашықтар шоколадты сол жерде жеп, оның дәмінің тіл үйіретінін айтты. Ал шоколадты жасап шығарушылардың айтуынша, Stella Nova өнімінің әр топтамасында негізгі 8 дәм бар. Бұл цифр да кездейсоқ таңдалмаған. Өйткені, сегіз шексіздіктің, мәңгіліктің белгісі.

3E0A5713

12

17

Тек ғашықтар емес, шараны ұйымдастырушылар да мәре-сәре болып көтеріңкі көңіл-күйге ие болды. Тіпті, қонаққа келген ғашықтарға қызығып, жақын уақытта отбасын құрып, балалы болсақ деген армандары да бар сыңайлы.

Осыған дейін The Ross Limited компаниясы Алматы қаласында құны $14 000 болатын жаңа шоколадын таныстырған болатын. Әр шоколад жанартаулық әйнектен жасалған қорапқа оралған. Коллекциядағы шокаладтың 6 тілімі әртүрлі формада жасалған.

Шоколадты өндірушілер туындыларын Скарлет Йохансон, Ирина Шейк, Анджелина Джоли, Адриана Лима және Кира Найтли сынды әлемдік деңгейде танымал жұлдыздарға сыйлауды жоспарлап отыр.

16

7

11

Шара соңында ғашықтар көкке шар ұшырып, ұйымдастырушыларға жылы лебізін білдірді. Махаббаттарының баянды болуына біз де шын жүректен тілектеспіз!

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
26.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар