Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев елдегі судьялар құрамына өзгерістер енгізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі судьялар құрамына өзгеріс енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жоғарғы сот

Қазақстан Республикасы президентінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі жарлығымен жоғарғы соттың судьясы Назгүл Рахметуллина Қазақстан Республикасы жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Фото: gov.kz/Назгүл Рахметуллина

Қазақстан Республикасы президентінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі Жарлығымен Әділхан Шайхисламов Шымкент қалалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Фото: rikatv.kz/Әділхан Шайхисламов

Жоғарғы cоттың судьясы Талғат Ибрашев Алматы облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Фото: Талғат Ибрашев

Ғалымжан Насирдинов Қазақстан Республикасы әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы әскери сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Ербол Рахымбеков Шымкент қалалық сотының төрағасы қызметінен босатылып, Маңғыстау облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Айдос Сұлтанов Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметінен босатылып, Түркістан облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

"2024 жылдың ақпан айында Қасым-Жомарт Тоқаев судьяларды іріктеуді жетілдіру, оның ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі кеңестің жұмысы туралы хабардар болды. Бұдан кейін мемлекет басшысына Жоғарғы Сот Кеңесі төрағасының қатысуымен өткен кеңесте 2023 жылы алғаш рет судьялыққа тағайындауға ұсынылған адамдардың саны сот жүйесінен кеткен судьялар санынан 32 адамға артық екені белгілі болды. Гендерлік көрсеткіш бойынша әйелдер судьяларының саны ерлер санынан 172 адамға артық. Судьяның орташа жасы – 46 жас, орташа судьялық өтілі – 13 жыл”, – делінген хабарламада. 

Мемлекет басшысы судьялардың тәуелсіздігін нығайтуға және оларды сапалы іріктеуге бағытталған реформаларды тиімді жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Талқылау