Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жаңа аудан қашан пайда болады – Әкім жауап берді

Астанада жаңа аудан құрылатыны белгілі болды. Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қашан пайда болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана жана

Бұған дейін Астанада "Алматы" ауданын екіге бөлініп, тағы бір жаңа аудан пайда болатыны айтылды. Алматы ауданында әкімнің тұрғындармен кездесуінде бұл жоспар қашан орындалады деген сұрақ қойылды.

"Бұл аудан биыл құрылады, бірақ алдымен бұл ауданның шекарасы, атауы және т.б талқылануы керек. Нақты уақытын айта алмаймын. Ол үшін аудан бұл жұртшылығымен талқылануы керек. Жұмысты шамамен осы жылдың ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз", – деді Жеңіс Қасымбек.

Шенеунік неліктен жаңа аудан құратындарын түсіндірді.

"Алматы ауданы белсенді түрде өсіп келеді, қазірдің өзінде 400 мыңға жуық тұрғын бар. Біз стандарттарға сәйкес жаңа әкімшілік бірлік құруымыз керек", – деді елорда әкімі.

Талқылау