Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы атыста жапа шеккендер үшін қай жерде қан тапсыруға болады

Алматыдағы қайғылы оқиғаларға алаңдаулы тұрғындар шабуыл кезінде зардап шеккендер үшін қан тапсырып жатыр. Олардың қатарын сіз де толықтыра аласыз.

0

Фото: yadonor.ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Дүйсенбі күні таңертең Алмалы аудандық полиция бөлімшесі мен ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалған болатын. ІІМ мәліметінше, үш полицей мен бірнеше бейбіт тұрғын қазақ тапқан. Қазір 10-нан астам адам ауруханада ауыр халде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жаралыларға көп мөлшерде қан керек.  Оларға көмек қолын созамын деушілер қанды Алматы қалалық қан тапсыру орталығында тапсыра алады.

Аталған орталықтың мекен жайы – Бұқар жырау даңғылы, 47. (Бұрынғы Ботаникалық бақ, Манас және Байзақов көшелерінің ортасында орналасқан). Телефоны: 8 727 274 07 57

Дүйсенбі-жұма күндері – 09:00-16:00
Сенбі-жексенбі – демалыс.

Ашқарынға қант қосылған қара шәй, печенье және нан жеуге болады. Майлы немесе сүтті тағамдар ішпеген жөн. Ал егер ішіп қойған болсаңыз, қан тапсыру үшін тек 4-5 сағат өткен соң келе аласыздар.

Донация жүргізілу алгоритмі:

– Қан тапсыру орталығына келсеңіз, бірінші донорларды тіркеу бөліміне барып жеке куәлігіңізді (немесе төлқұжат пен әскери билет – тек әскери адамдар үшін) көрсетесіз;

– Тіркеу бөлімінде сізге анкета ұсынады. Егер қандай да бір сұраққа жауап беруге қиналсаңыз, тіркеуші медбикенің көмегіне жүгінуіңізге болады. Медбикелер донор бола алмайтыныңызды айтса, нақты себебін дәрігердің өзінен сұрай аласыз;

– Анкетаны толтырған соң құжатыңыздағы мәліметтерді донорлар орталығының базасына енгізеді. Артынша сізді (донорды) №1 кабинетке бағыттайды;

– №1 кабинетте саусағыңыздан қан алып, қан тобыңызды, резус факторыңызды, гемоглобин мөлшерін анықтайды;

– Кабинетке шақыру мониторинг арқылы жүзеге асады. Сондықтан мұқият болыңыз. Ол жерде сан реті емес, есіміңіз шығып тұрады;

0

– Кейін № 3 немесе №5 кабинеттерінде сізбен кішігірім сұхбат жүргізіледі, терапевт денсаулығыңызды тексереді. Бойыңыз бен салмағыңызды, қан қысымыңызды өлшейді. Дәрігер сізге сай келетін донация түрі мен оның көлемін анықтайды. (Донацияның түрі сіздің қалауыңызға емес, науқасқа қажет қан мөлшері мен денсаулығыңызға байланысты анықталады);

– Тексеріп болған соң қолыңызға донор картасы мен тамаққа талон ұсынады;

– Қан тапсырмас бұрын буфетке кіріп шай мен қант, печенье жеп аласыз. Әдетте донорлар қан тапсыру орталығына келген кезде сұйықтықты аз ішеді;

– Ары қарай сізді кіре беріс есіктің оң жағында орналасқан №8 кабинетке шақырады. Жүнді киімдер мен аяқ киімді шешіп, телефонды сөндіресіз;

– Медбике донация залына апарады. АИВ, В, С гепатиттеріне қан алып, бруцеллез, сифилис ауруларына шалдықпағаныңызды тексереді;

– Қан тапсырып болған соң қолыңызға анықтама мен тамақ ішуге талон ұстатады. Артынша буфетке қайта келесіз. Сізге ыстық түскі ас пен шырын, шоколад ұсынады.

Процедураны басынан бастап соңына дейін мамандар бақылайды.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда қаза тапқан полицей салық мекемесіне келушілерді террорлық шабуылдан аман алып қалды

Алматы қаласының дін қызметкерлері қан тапсыру акциясына қатысты (фото)

Алматылықтар зардап шеккен полицейлер үшін қан тапсырып жатыр

Қаза тапқан полицейдің көршісі: Аян қайырымды адам болатын

Талқылау