Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды

Қарағанды облысының Теміртау қаласында екі айға жуық із-түссіз кеткен 42 жастағы Сергей Афониннің мүрдесі табылды.

теміртау

Ер адамның өртелген мүрдесі қаладан алыста даладан табылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Аталған оқиға бойынша іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 106 бабының 3 бөлігі бойынша (Адамды ұрлаумен ұштасқан, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру салдарынан болған кісі өлімі) тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасуда», – деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Оның айтуынша, өлімнің себебін анықтау үшін қосымша кешенді сараптама тағайындалған.

Сонымен қатар марқұмның туыстары оның мәйітін жерлеуге ұзақ уақыт берілмей жүргенін айтып шағымдануда. Мүрде 10 қыркүйекте табылғанымен, созылып кеткен сот-медициналық сараптама кесірінен ол туыстарына берілмеген.

42 жастағаы С.Афонин Теміртауда 22 шілдеде жоғалып кеткен. Іздестіру кезінде оның үйден шығып таксиге отырғаннан кейін ешкімнің көрмегені айтылған.

Жіберіп алмаңыз:

Семейде жоғалып кеткен қыз Астанадан табылды

Қостанай облысында жоғалып кеткен екі баланың анасы өлі күйінде табылды

Мәскеу түбінде аяусыз өлтірілген қазақстандықтың денесі табылды

Жоғалып кеткен қарағандылық қыз асылып қалған күйінде табылды

Талқылау