Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тазабектің таза кезі": Серікзат Дүйсенғазы 32 жыл бұрынғы жастық шағын есіне алды

Танымал айтыскер ақын, сазгер, журналист Серікзат Дүйсенғазы студенттік жылдарынан сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/serikzat_duisengazy/

Әдебиет өкілі Медеу мұз айдынында түсірілген фотоны жеке парақшасына жариялады. 

“1992 жылдың желтоқсан айы болса керек. 1-курс студенттері Зейнолла Салқынбаев, Мұхамеджан Тазабек және біз. Ештеңеге араласпаған тап-таза кезіміз. Қайран жастық шақ!”, – деп жазды сазгер. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, жастық кезеңдерін сағынышпен еске алып жатыр. 

“Сен бөлексің, досым” деп жазды ақынның өнердегі әріптесі Тоқтар Серік. “Мұхаммеджанды мың қарап, мұртынан таныдым”, “Тазабектің тап-таза кезі екен”, “Бұрынғы айтыскер Мұхаммеджанды бәрі сағынады”, “32 жылды артқа тастапты”, “Заман да, пейіл де, шалбар да кең уақыт қой”, “Адидас пен мантананың уақыты”, “Не деген киім үлгісі, қолы жеткендер ғана киетін”, – деп студенттік кездерін сағынышпен еске алып жатыр ақынның оқырмандары.  

Еске салайық, былтыр ақын 16 жастағы ұлынан айырылып қалғанын жазған едік.

Бұған дейін ол ұлының қазасына қатысты көшпелі сот отырысы өткенін айтты.  

 

Талқылау