Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қар жаууы ықтимал": Қазақстан бойынша алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер 30 сәуір мен 2 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынды болады. 1-2 мамырда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауып, түнгі уақыттарда жаңбыр қарға ұласуы ықтимал. Еліміздің кей өңірінде ауа температурасы төмендейді. Найзағай соғып, еліміздің оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін.

Республика бойынша екпінді жел күшейіп, түнде солтүстік, шығыс өңірлерде тұман түседі деген болжам бар.

Скандинавия аймақтарынан енген салқын антициклон жотасы әсерінен, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, 1-6 градус үсікке дейін, күндіз 5-13 градус жылыға дейін күрт төмендеуі мүмкін. Сондай-ақ суық фронт біртіндеп еліміздің оңтүстік аймақтарына қарай жылжиды. Онда ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, 2 градус үсікке дейін, күндіз 15-25 градусқа дейін төмендейді.

Талқылау