Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тайландта секс-шоуды көруден бас тартқан ресейлік соққыға жығылды (видео)

Тайланд қаласы Паттайеде 45 жастағы ресейлікке жергілікті секс-шоуды тамашалаудан бас тартқаны үшін шабуыл жасалды.

Безымянный

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Зардап шегушінің айтуынша, ол үш досымен бірге шипажай көшесінде серуендеп жүреді. Сол сәтте тайлық бір адам келіп, оларды шоуға шақырған. Ер адам бұл ұсыныстан бас тартқаннан кейін, бірнеше жергілікті адам ресейлікке бас салып жабыла кеткен.

Төбелес нәтижесінде турист жарақат алады. Ол бірақ ауруханаға барудан бас тартып, оқиға орынына келген тәртіп сақшыларымен бірге жергілікті полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Оқыс оқиғаны жасаған адамдардың кімдер екені әлі нақтыланған жоқ. Ресейлік шабуыл жасаушылар тағы да ізіне түсер деп қорқып, камераға жүзін көрсетпей жасырынып түскен.

Талқылау