Таразда түйені сабап жатқан адамдардың әрекеті елді шошытты

Бейсенбі, 14 Сәуір , 2016 22:20

Таразда түйені қолға үйретпекші болғандардың әрекеті жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызды. Ойсыл қара тұқымын аяусыз сабап жатқан көрініс әлеуметтік желіге тарап кеткен. Енді жануарға жаны ашығандар оған қатыгездік танытқандарды жазалауды талап етуде,-деп хабарлайды ктк арнас.

түйеееее

Мұндай көрініске саяжайда серуендеп жүрген демалушылар куә болған. Бейнежазбада түйені жуасытып жатқаны анық байқалады. Бірақ асауды қолға үйрету тәсілі жұртқа ұнамаған. Сөйтіп осы жайтты түсіріп алғандар, хайуанды қорлағандарды тезге салуды сұрап отыр.

Бұл оқиға атпен серуендеу орталығында болыпты. Мұндағы мамандар өздеріне шаң жуытатын емес. Айтуларынша, азапталған ойсыл қара тұқымы, әлде бір кісінің көкпардан ұтып алған олжасы екен. Тіпті иесінің аты-жөнін де білмейміз деп бет бақтырмады. Ал сол жұмбақ адам тілшілердің жүргенін естісе керек, арнайы көлік жіберіп табан асты түйесін алып кетті.

«Бұл біздің түйе емес, біреулер алып келіп, осы жерге үйретіп алайық деп, өздері келіп адамдарымен мінген. Соны алып кетеміз деп, көліктері бұзылып алып кете алмай қалыпты. Соны алып кетіп жатыр ғой енді, бұл түйенің біздің мекемеге қатысы жоқ»,- дейді атбегі Сансызбай Дәулетбақов.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар