Талдықорған тұрғындары плакатпен жол шұңқырларына отырып қарсылық танытты

Талдықорған тұрғындарының айтуынша, олар амалы таусылғандықтан плакат ұстап шығуға бел буған, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Талдықорған тұрғындары плакатпен жол шұңқырларына отырып қарсылық танытты

Олар газ құбыры магистралінің орналасу орындарына наразы. Жұмысшылар көшелерді шұңқыр қылып, жол мен тротуарды құртып кетеді екен.

«Өз басым плакатпен ғана емес, ертеңгі күні кісен арқылы жолдар мен бағаналарға байланып тұруға дайынмын. Бізді естісе екен дейміз», – дейді  тұрғын Қайрат Әбдірахман.

«Топырағы құлап, құбыр жарылып жатыр. Енді тротуарды жасауға келді. Біздің ақшамыз аспанға ұшып жатыр ма? Тұрғындар ақшасын ғана ойлап тұрған жоқ. Ертеңгі күні өздеріне күш түсе ме деп отыр», – дейді тұрғын Владимир Чащин.

«Тротуар жолдың үстінде болуы керек екен. Мұнда бәрінің қақпасы төмен орналасқан. Менің қақпаны қайта қойғызума ақшам жоқ. Тұрғындар мен жұмысшылар кейде төбелесуге барады. Олар араласпаңдар деп айқайлайды. Жұмыстарын жалғастыруда», – дейді тағы бір тұрғын.

Ал, ұйым басшысы тұғындардың сөзімен келіспейді.

«Тұрғындар технологияны білмейді. Жай адам құрылысты түсіне бермейді. Құрылысшылар сол үшін оқып, жұмыс істеп жүр. Мен де қақпадан шыға салып, айқайлай айлам», – дейді ұйым жеекшісі Рамиль Ғабитов.

Жергілікті билік тұрғындарды тыныштандыруға асығар емес. Шенеуніктердің айтуынша, 23 млрд теңге бөлінген газ құбырын тарту мен энергетика құрылысы жоспар бойынша жүріп жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Жеңістен оралысымен анасының аяғын сүйген қазақ спортшысы елді сүйсінтті (видео)

Футболист Мұ­хаммед Салах үйіне түскен ұрыға ақша беріп, жұмысқа тұрғызған

Кентауда жедел жәрдем көлігі 2 жасар баланы қағып өлтірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
12.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар