Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар көмек алуға өтінішті смартфон арқылы бере алады

Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге eGov Mobile қосымшасы арқылы көмек алуға өтінім беру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Жаңа функционалды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әзірледі.

Өтінім беру үшін мобильді қосымшаға кіріп, басты бетте "Су тасқынынан зардап шеккендер бойынша жаңа сауалнама" қызметін табу қажет. Ашылған терезеде зардап шеккендер туралы барлық қажет дерек пен ақпаратты, соның ішінде банктік шотты, байланыс телефонын, оқиғаның мекенжайын, уақытша тұрғын үй мен зардап шеккен мүліктің болуын немесе болмауын, келтірілген залалдың сипаттамасын көрсету қажет. Барлық деректі толтырғаннан кейін сауалнамаға ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

"Әлеуметтік көмек" автоматты ақпараттық жүйесі арқылы өтінім оқиға болған аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарға түседі. Өңделген өтінімдер бойынша зардап шеккен мүлікке көшпелі бағалау жүргізіледі және қажет қолдау көрсетіледі.



Бағалауды жүргізуді бақылау фото және бейнетүсірілім, сонымен қатар FSM social арнайы мобильді қосымшасы арқылы геофиксациялау арқылы тіркейді.

Енгізілген тетік барлық мәліметті цифрландыра отырып, төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету процесін толық мониторингілеуге және бақылауға мүмкіндік береді. Үшінші тұлғалар азаматтардың жеке деректерін алып қоюын болдырмау үшін тек eGOV Mobile ресми қосымшасын пайдаланудың қажет екенін еске саламыз.

Еске салайық, Орал қаласының әкімі халықты шұғыл эвакуациялауды бұйырды. Ресейден келетін су ағынының артуына байланысты Оралдағы Жайық өзені деңгейі 8 метрге жуықтағаны туралы жаздық.

Талқылау