Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда 40-қа жуық ауыл таратылады

Еліміздің солтүстік өңіріндегі 40-қа жуық кішігірім ауылды тарату жоспарланып отыр. Ендігі бюджет қаржысы тек болашағы бар елді мекендерді дамыту үшін ғана бөлінетін болады.

Солтүстік Қазақстанда 40-қа жуық ауыл таратылады

Бұл туралы Петропавловск.news өңірлік басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова жұмыс бабымен Солтүстік Қазақстанға барды. Ол облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының параметрлерімен танысты. Қызылжар ауданының аудан орталығы Бескөлде болған министр өңірдің дамып келе жатқанын және ауыл тұрғындарының өмір сапасы айтарлықтай жақсарғанын атап өтті.

Министрдің сөзінше, биылғы жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы жаңартылған. Ендігі тек болашағы бар ауылдарға ғана әлеуметтік нысандар құрылысы, жол жөнделуі, су құбырларын тарту және басқа да жағдай жасау үшін қаржы бөлінеді.

«Солтүстік Қазақстан облысы үлкен. Тұрғындарының саны 50-ден аспайтын 100 шақты аса ауыл бар. Бүгінде тұрғындарының саны 10-ға жуық 38 ауылды тарату процедурасы жүріп жатыр. Мемлекет басшысы ресурстарды тиімді пайдалану және тек болашағы бар ауыл, аудан орталықтарын ған қаржыландыру туралы айтты. Ондағы тұрғындар саны қаншалықты көп болса, жұмыс орны да соншалықты көбейеді. Сонымен қатар бұл шағын және орташа бизнестің дамуына негіз болады», – дейді Мәдина Әбілқасымова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау