Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Собчак Қырымды Украинаның жері деп атады

Ресейдегі президент сацлауына қатысатынын жариялаған тележүргізуші Ксения Собчак Қырымды Ресейдің меншігі дегенмен келіспейтінін айтты.

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Мұндай пікірін ол 24 қазан күні жасаған баспасөз мәслихаты кезінде айтты.

“Қырымның халықаралық құқығына қарасақ ол – Украинаның жері. Біз өз сөзімізді бұздық, біз 1994 жылы қабылдаған Будапешт меморондумын бұздық. Біз уәде бердік, бірақ оны орындаған жоқпыз”, – деді Собчак.

Ол бұл мәселенің алдағы уақытта да талқылауды қажет ететіндігін атап өтті. Бұған дейін Собчактың сайлау алды штабының басшысы болып саясаткер, НТВ-ның негізін қалаушы Игорь Малашенконың тағайындалғаны хабарланған.

20 қазан күні Собчак саяси салмағының жоқ екеніне қарамастан сайлауға түсетінін жария еткен. Оның бұл мәлімдесін көптеген саясаткерлер сынға да алды.

Жіберіп алмаңыз:

Forbes ең бай америкалықтардың тізімін жариялады

Атамбаев: Назарбаев туралы айтқан кезде эмоцияға салынып кеттім, менікі дұрыс болмады

Алладан басқа ешнәрсеге ешқашан сенбеймін: Жээнбеков туралы не білеміз?

Ең бай қытайлық 30 жылдан соң мұнайдан да маңызды болатын затты атады

Талқылау