Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви Махмуди: Байлармен де, қарапайым адамдармен де араласамын

Сиви Махмуди материалдық байлық туралы ойымен бөлісті. Ол бақуатты болу үшін қандай болу керектігін айтты. Сондай-ақ, мына заманда таныссыз көтерілудің қиын екенін жасырмады. Ол өзі бақуатты отбасынан шыққанымен, қарапайым адамдармен де араласатынын атап өтті, деп жазады Stan.kz.

Сиви Махмуди

Сиви Ұлттық арнаның “Шаңырақ” бағдарламасында қонақ болды. Аталған бағдарламаның кезекті тақырыбы ақшасы көп болса да, әлі де бақыт іздеп жүрген жандарға арналды.

“Ең бірінші, денсаулық. Екіншіден, байлық та артық етпейді. Байлықтың сыры – сынбай, шаршамай, еңбек ету, қарқынды жұмыс істеу, сонымен қатар, өзіңнің де денсаулығыңды да ұмытпау керек.

Байлық жеңіл жолмен келмейді. Текті жерден шыққан әкең, бауырларың, таныстарың болуы керек. Онсыз өте қиын. Әрине, еңбек етсең, таныссыз да жетістікке жетуге болады. Ол үшін көп оқу керек, еңбектену керек. Бірақ қазіргі заманда таныссыз қиын ғой”, – дейді Сиви.

Сивидің елімізге белгілі, бақуатты отбасынан шыққанын жұрт жақсы біледі. Десе де, өнер иесі дос таңдағанда оның қалтасына үңілмеймін деп отыр. Есесіне Махмудиді райынан қайтарғысы келетін бақуатты достары да жоқ емес екен.

“Мен негізі адам таңдамаймын. Қарапайым достарым да көп. Арасында бай-қуатты кісілердің балалары: Неге сен достарды таңдамайсың? Тек қана байлармен аралассай, – деген сияқты айтып жатады. Бірақ мен оған теріс қараймын. Бәрімен араласа білу керек. Өйткені мен тек қана байлармен аралассам, өзімді жоғалтып аламын ба деп қорқамын. Байлардан да алатын жақсы да, жаман да тәрбиесі көп. Қарапайым адамдармен аралассам, әрқашан да өзімнің жолымды білемін, қарапайымдылығымды сақтап қаламын деп ойлаймын”, – дейді Махмуди.

Бұдан бөлек, Сиви орындалмаған арманы жайлы әңгімеледі.

“Арман біткен күні – адамның өмірі жоқ дейді ғой. Армансыз адам жоқ. Оны айта берсең, көп. Ең бастысы – денсаулық. Ата-анамның, кішкентай балаларымның, өзімнің деген сияқты… Әлі орындалмаған армандарым өте көп. Мысалы, менің негізгі мамандығым -журналист. Мен де тележүргізуші болғым келеді. Өкінішке қарай, ол арманымды орындай алмай жүрмін. Себебі мен жылма-жыл үш баланы дүниеге әкелдім. Оларды аяққа тұрғыздым, енді-енді әрекет жасасам ба деген ниетім бар”, – дейді Сиви Махмуди.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау