Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте есінен танып қалған жүргізуші бес көлікті соққан

Шымкентте 8 наурыз күні Жангелдин-Қалдаяқов көшелерінің қиылысында жол апаты орын алды. Бұл мекен-жайда бір уақытта алты көлік соқтығысып қалған.

Безымянный

Бұл туралы TVK арнасы хабарлайды.

Қалдаяқов көшесімен келе жатқан BMW маркалы көлік бес көлікті соққан: BMW Х5, Daewoo Nexia, Toyota және екі Volkswagen. Көлік жүргізушінің анасының айтуынша, ұлының денсаулығындағы кінәрат салдарынан осындай оқыс жағдайға тап болған.

“Балам бір сәтте есінен танып қалды. Бірақ, ол бұл кезде тежегішті басып тұрды. Біз алдыңғы күні Алматыдан келіп, ол жақта Назарбаев емханасында тексерілдік. Оның бас миында ақау бар, сол ұстауы мүмкін. 3 айдан соң операция жасалады”, – дейді жүргізушінің анасы.

Ал жүргізушінің өзін апат кезінде қауіпсіздік жастықшасы құтқарып қалған.

“Бұл жерде ауыр жарақат алғандар жоқ, тек бір адамның миы шайқалған. Ол қазір ауруханада. Қалғандарының жағдайлары дұрыс”, – деді жедел жәрдем өкілі.

Енді BMW жүргізушісі келтірілген шығын көлемін толықтай өтеп беруі тиіс.

Оқи отырыңыз:

Атырауда 73 жастағы балықшы әжей мұз ойығына түсіп кеткен

ОҚО-да жаңа туған сәбиді қытай сөмкесіне салып мектеп жанына тастап кеткен

Бір жасар қыз фри картобынан уланып көз жұмды

Қарағандыда 9-сынып оқушысы 10 айлық інісін мұзға құлатып өлтіріп алды

Талқылау