ШҚО-да жоғалған Медет Маратовты сыныптас қызы өлтірген деп күдіктелуде

Сейсенбі, 26 Сәуір , 2016 9:17

Шығыс Қазақстанда іс-түссіз жоғалып кетіп, артынша мәйіті табылған оқушыны өз сыныптасы өлтірген болып шықты. Полицияның мәліметінше, 8-ші сыныпта оқитын Медет Маратовты парталас қызы бірнеше жерден пышақ сұғып, басын кірпішпен жарған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

i8q_fjl_b10_1

Қылмыс жасағанын өрімдей қыздың өзі де, міз бақпай мойындап отыр. Айтуынша, марқұм әбден жүйкесіне тиіп, сабақ үстінде жылатып алған.

Бір күн үйде болмаған оқушыны бүкіл Прапорщиково ауылы жабылып іздеген. Мектептен шыққан бойда ұшты-күйлі жоғалған Медет тек ертесіне табылды. Баланың мәйіті оқу жабдықтарымен қоса  қираған ғимараттың ішінде қанға бөгіп жатыпты.

“Осы аса ауыр қылмысқа қатысы бар күдікті тұлғаны анықтады. Бұл тұлға осы Прапорщиково ауылында тұратын кәмелетке жасы толмаған қыз болып шықты”, – деді ШҚО ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Торғаев.

Жан-жақа шашыраған қан іздері әлі де жатыр. Аяусыз өлтірілген 8-ші сынып оқушысының өлімін сыныптас қыз мойындады. Тергеудің өзі тосылып қалған мұндай тосын оқиғадан соң ауыл мектебінің аузына мүлдем құм құйылған. Директоры далаға шықпай, мұғалімдер тілшілерден қашып, мектеп ішінде бекініп алған. Ал есеңгіреген ауыл тұрғындары мен марқұмның туыстары сыныптасын өлтірген қыз жалғыз болмаған деген болжам айтып жүр.

“Мен олай ойламаймын. Кішкентай 13-жастағы қыз жалғыз адам өлтіреді деп ойламаймын. Өлтірген күннің өзінде де жалғыз апарып ғимаратқа тастай алмайды. Жанында тағы біреулер болған. Жалғыз істей алмайды ол”, – дейді марқұмның туысы Бәтима Дүйсембаева.

“Ол қыз көрші ауылдың жігітімен жүріп жүрген. Онысы бұрын сотталған. Сол екеуі Медетті қосылып өлтірді. Екеуі кезектесіп пышақтаған баланы”, – дейді марқұмның көршісі Елена Попанинова.

Сыныптасын өлтірген қыздың қасында сыбайласы болғаны туралы басқа оқушылар да әлеуметтік желілерде жарыса жазған. Тіпті, әлі бесіктен белі шықпай қылмысқа барған қыз бен оның ғашығының суреттерін бірінші бетке бақырайтып іліп қойыпты. Марқұмның жеке парақшасы да толып қалған. Балалар қайғырып көңіл айтып, сыныптастарын әлі де қимай жүр. Ал адам өлтіріп жаға ұстатқан жасөспірім қазір үйінде жүр. Кәмелет жасқа толмаған оны тергеушілер сотқа дейін ата-анасына сеніп тапсырыпты.

Бұған дейін полицейлердің ШҚО-да өлтірілген оқушының өліміне сыныптас қызды күдікке алғаны туралы хабарлаған едік.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Алла сақтасын. Адамдар не болып барат осы. Ол кыздың есі дұрыс емес болар. Қандай ата ана тәрбиелеген ол қызды. Өмірден естімегеніміз көп екен ау әлі.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар