Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО тұрғыны өзін шайға шақырған бейтаныс азаматты ұрып-соғып, тонап кетті

ШҚО тұрғыны бейтаныс азаматты шайға шақырам деп басы бәлеге қалды. Бейтаныс досы оны ұрып, ақшасымен телефонын алып кетті.

Бұл туралы Өскемен қалалық соты мәлімдеді, деп жазады YK-news.kz.

Виталий Горин қаладағы кафелердің бірінде жалғыз отырады. Өзі секілді бір азамат Олег Караевтің сыра ішіп отырғанын көреді. Онымен таныспақ болып үстеліне жақындайды. Виталий шайға тапсырыс береді. Бірақ кафеде шай таусылып қалған еді. Караевоған дүкеннен әкелуді ұсынады. Бірақ кафедегілер шәйнектің істемей тұрғанынайтады. Жаңа достар өзге кафеге бармақ болады.

Дүкеннен ыстық шай алып, далада ішеді.

Бұл кезде Караевтің көзі Виталийдің әмиянындағы ақшаға түседі. Одан телефонын сұрайды. Виталий еш күмәнданбастан оған телефонын сөйлесуге береді. Осыдан соң Караев оның соққыға жығып, телефоны мен 25 мың теңге ақшасын алып кетеді.

Ертесі күні Караевді полицейлер ұстайды. Оның бұған дейін 3 рет сотталғаны белгілі болды. Сот оны үш жылға бас бостандығынан айырды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау