Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да оқушының өліміне қызға талас себеп болуы мүмкін

Туыстарының сөзінше  жоғалып кетерінен бұрын Медеттің сыныптас қызды қалай шығарып салғаны ауладағы бейнежазбаға түсіп қалған. Одан әрі қарай оқушыны ешкім көрмеген,-деп хабарлайды yk-news.kz сайты.

оқушыыыы

Естеболса, 20 сәуір күні 14 жастағы  Медет Маратов сабақтан кейін үйіне оралмаған. Кеше ғана жергілікті полиця қызметкерлері оның денесін  қараусыз қалған ғимараттың ішінен бірнеше рет пышақ жарақаты алынған күйде тапқан еді. Марқұмның туыстары журналистермен кездесіп, қайғылы жағдайдың болуына ненің себе болғанын болжаған еді.

«Медетті қасақана өлтіргендері айдан анық. Себебі оның денесіне алты жерден пышақ сұғылған. Басы жарылған. Қазірге біз мұндай әрекетке кімнің барғанын білмейміз, әрине нақты не үшін екені де белгісіз. Ол өте байыпты, футбол ойнағанды жақсы көретін, сабақтан кейін бірден үйге қайтатын бала еді. Бұл жолы сабақтан мүлде оралмады. Таң қалатыным осыншама айуандықпен өлтіретіндей кішкентай бала не бүлдірді екен? Соңғырет сыныптастары оның бейтаныс көлік жүргізушісімен сөйлескенін көріпті.Қыз кәмелет жасқа толмағандықтан бірдеңе анықтау да қиын болып тұр. Полиция қазір қызбен және оның ата-анасымен жұмыс істеп жатыр. Мүмкін ол қыздың бұрыңғы жігіті араға түскен шығар, немесе  Медеттің өзі ол қызбен ұрысып қалдыма»,-деп  болжайды марқұмның туысы Эльнура  Жұмағұлова.

Қазір полиция айуандықпен өлтірілген оқушының өліміне ненің себеп болғанын, мұндай әрекетке кімнің барғанын анықтау үстінде.

 

 

 

Талқылау