Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шекарадан Планшеттер мен «IPhone» телефондарын заңсыз алып өтпек болған қазақстандық ұсталды

Қазақ-қытай шекарасында орналасқан «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды 26-қаңтар күні 19 сағат 45 минутта төлқұжаттық және кедендік рәсімдеуді өткеннен кейін Қазақстан Республикасының азаматшасы Жарбенкова Майгүлді ұстады. image104482

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

1974 жылы туылған отандасымыз Шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығынан келе жатқан беті екен.

Шекаралық бақылау кезінде оның алып келе жатқан 8 дана «SAMSUNG» планшеті мен 4 дана «IPhone» ұялы телефондары заңсыз болып шықты. Аталған дерекке қатысты материалдар кедендік бекеттің қызметкерлеріне берілді.

Талқылау