Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шәкіртінің көзін жарақаттаған ұстазға сот үкімі шықты

Қызылорда облысында тарих пәнінен сабақ беретін мұғалім оқушысының денсаулығына ауыр түрде зиян келтіргені үшін, жарты миллион шамасында айыппұл төлейтін болды.964339400

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Арал ауданы Қамыстыбас ауылындағы орта мектепте тарих пәнінен сабақ беретін мұғалім, сот шешімімен 2 миллион теңге айыппұл төлейтін болды. Арал аудандық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша оқушы мұғалімнің әрекетінен зардап шеккен.

Оқиға 2015 жылдың 12 қарашасында болған. Тарих сабағы жүріп жатқан кезде оқытушы К. Аманова алғашқы қатарда отырған оқушыға ескерту жасайды. Сол кезде қолындағы қаламсабын сілтеп қалып, ол оқушының сол жақ көзін зақымдаған. Нәтижесінде кәмілетке толмаған С.А. сол жақ көзінен жарақат алған. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша, оқушының сол көзі көру қабілетінен мүлде айырылған.

«Арал аудандық сотының үкіміне сай 2016 жылдың 25 қаңтарында мектеп оқытушысы Аманова К. Оқушының денсаулығына зиян келтіргені үшін ҚР ҚК 114 бабына сәйкес айыпты деп табылған. Сондай-ақ, оған 800 АЕК, 1 миллион 585 мың 600 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сәйкесінше, 5 жылға дейін сабақ беру құқығынан да айырылмақ», – деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Талқылау