Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серікбол Сайлаубек отандық фильмде басты рөлді сомдады

Қазақстандық актерлер фильмге түсіп жүрген әншілерге ренжіп жүр. Десе де, әнші қауымы әрдайым өздері ұнататын іспен айналысатындықтарын жеткізуде. Солардың бірі – Серікбол Сайлаубек.

0

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Әншілер актерлердің өздеріне деген ренішін елемейтін секілді. Себебі, олар биылдың өзінде бірнеше фильмге түсіп жатыр. Мысалы, Серікбол Сайлаубек “А+А” туындысында басты рөлді сомдаған.

“Ринат Басит бауырымыз “А+А” деген кино түсіріп жатыр. Сол жерде басты рөлді сомдап үлгердім. Киноға осылай ұсыныстар түсіп жатыр. Біздің қолымыздан ән айту ғана емес, актер болып фильмге түсу де келеді. Бір адамның қолынан келген нәрсе екінші адамның да қолынан келетіні анық”, – дейді Серікбол Сайлаубек.

Осылай мақтанған әншіні кино мамандары сынға алды. “Даладан келіп жатқан адам түскен кезде қарның ашады. Өнер академиясында 7-8 жыл көлемінде білім алып, театрда 10 жыл қызмет етіп фильмге түсе алмай жүрген адамдар бар. Оларға аянышпен қараймыз. Себебі, актерлік – олардың мамандығы”, – дейді Асылхан Төлепов.


Жіберіп алмаңыз:

Концертте Сайлаубекке гүл ұсынған қария жұртты күлдірді (видео)

Тыңдарманы Сайлаубектен ұрық доноры болуын өтінді

Қазақстандық жұлдыздар алаяқтарға қалай алданғандарын айтып берді

Қазақстандық әншілердің тойдағы мөлшерлемесі қанша

Талқылау