Тыңдарманы Сайлаубектен ұрық доноры болуын өтінді
Қытайдың Үрімші қаласында өткен жеке концертінен кейін Серікбол Сайлаубекті бейтаныс бойжеткендер қоршап алған. Абдырап қалған әншіден қыздардың біреуі ұрық доноры болуын өтінген.

Фото: kzsounds.kz
Әнші шетелде жүргендіктен, бойжеткендерден өрескел әрекет күткенін жасырмайды. Ал тыңдармандары Сайлаубектің сескенгеніне қарамастан, оны тоқтатып, тілдесіп үлгерген. Бұл туралы әнші “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтып берді.
Бойжеткендердің бірі Сайлаубектен ұрық доноры болуды өтінген екен. Оның сөзіне сенсек, әнші көлік оқиғасынан қайтыс болған жігітіне қатты ұқсайтын көрінеді.
Сайлаубек бастапқыда қыздың өтінішіне не деп жауап қайырарын білмей тұрып қалған. Артынша бірден мұндайға келіспейтінін айтып, донор болудан бас тартқан.
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек
Қазақстан оған тек спорттық мүмкіндік берген мекен емес, жүрегіне жақын елге айналған
"Әрқайсысына 150 миллион теңгеден": Елдегі ұлттық компаниялар 2025 жылы басшыларына қанша сыйақы төлеген
Бағдат Мусин басқаратын Қазақтелекомда жалпы сыйақы көлемі 752,3 миллион теңге болған