Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сен сондай сүйкімдісің": Данэлия Төлешова АҚШ тележүргізушілерін таң-тамаша етті (видео)

Данэлия Төлешова америкалық шоуға қатысты. The Real бағдарламасында отандасымыз АҚШ журналистерін қызықтырған сауалға жауап берді, деп жазады Stan.kz.


Сұхбат беріп отырған сәтін Данэлия желідегі парақшасында жариялады. Онда шоу жүргізушілері Данэлиядан Калифорнияда не ұнататынын сұраған. 

"Америкадан соңғы рет кеткен кезде сіздердің дүкендеріңіз бен дәріханаларыңызды сағындым. Америкалық дәріханаларда өмірге керектігінің бәрі бар. Маған Elmer's Glue желімі ұнайды, одан слайм жасағым келген", - деген Данэлия тележүргізушілерді таң-тамаша етті.

Данэлияның сөзіне тәнті болған тв-жұлдыздардың бірі "сен сондай сүйкімдісің" деді. 

Сондай-ақ, кішкентай жұлдызымыз NBC арнасынан шығатын «Extra» бағдарламасына қатысты. Онда Данэлия сұрақтарға орыс тілінде жауап берді. Оған аудармашы көмектесті. Есесіне вокалдық мүмкіншілігін көрсетуге келгенде оған ешкімнің көмегі қажеті болған жоқ. 

Данэлия бір кездері Украинадағы жобада орындаған «Rise up» әні мен Ариана Гранденің әндерін шырқады. 
Айта кетейік, Данэлия Төлешова The World's Best шоуына қатысып жатыр. Алматылық жас таланттың өнерін көрермендер ертең, 14 ақпан күні сағат 10.00-де тамашалай алады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау