Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саунадағы атышулы видео: Ақтауда “жемқорлықпен күресуші” сотталды

Ақтау қалалық соты 5 желтоқсанда қазақстандық БАҚ альянсының басшысы Тоқберген Әбиевке қатысты сот үкімін шығарды.

Тоқберген Әбиевк

Еске сала кетсек, былтыр желіде “жемқорлықпен күресушілердің” саунадағы видеосы тарап кетіп, жұрттың наразылығын тудырған еді. Онда жартылай жалаңаш отырған ер адамдар қызметкерлерді қатарына қабылдап, қызыл куәлік тапсырғаны түсіп қалған. Артынша олардың бірі жұрттан кешірім сұраған еді.

Өзін «жемқорлықпен күресуші» деп атайтын Тоқберген Әбиев және Азамат Таңатаров, Қуаныш Рзаев, Жалғас Түлесінов әлеуметтік желілер мен БАҚ арқалы өңірдегі соттар мен мемлекеттік органдардың жұмысына араласты деп айыпталған еді, деп хабарлайды “Лада” порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Нәтижесінде Әбиев пен Таңатаров ҚР ҚК 130-бабы 2-тармағы (Кемсіту) бойынша кінәлі деп танылды. Тоқберген Әбиев бір жылға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды.

Ал Таңатаров 7 айға бас бостандығынан айырылды.

Тағы екі айыпталушыны сот кінәсіз деп таныды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау